Еңбекте құрмалас сөйлем синтаксисінің зерттелу жайы мен басты белгілері, олардың даму жолдары жан-жақты баяндалады. Сонымен қатар аралас құрмалас сөйлемнің қолданылу аясы, тілдегі алатын орны (құрамдық, құрылымдык, мағыналық), әр алуан ғылыми байымдаулар мен тілдік фактілер арқылы тиянақталады. Аталған сөйлемнің негізі құрылық материалын анықтау мен синтаксистіқ қатынас түрлерін (мағыналык топ) айқындау да алғаш рет талдауға түсіп отыр. Еңбек жоғары оқу орындарындағы филология факультетінің студенттеріне оқу құралы болумен қатар, тіл білімінің синтаксис саласына көңіл бөліп жүрген жас ізденушілерге теориялық тұрғыдан көмегін тигізе алады.