Жоғары оқу орындарының журналистика факультетінің оқытушыларына, студенттеріне ұсынылып отырған бұл оқу құралында әлем философтарының, педагогтарының және ойшылдарының ой түйіндері мен қазақтың көне данышпандарының ұрпақтан-ұрпаққа жалғасып келе жатқан даналық ойларын салыстыру арқылы жүйелеудің теориясы мен практикалық бағыттарының, еліміздің қазіргі заманғы көрнекті ғалымдарының қазақ халқының ділі, дәстүрлі тәлімі мен адамзат құндылықтарының деңгейлестігін сараптау жөніндегі ғылыми түйіндерінің өміршендігі теориялық және практикалық негізде дәлелденеді. Оқу құралы "Мамандық баулу", "Журналист шеберлігі", "Публицистикалық шығармашылық шеберханасы" пәндері бойынша жүргізілетін оқу курстарына арналған.