Ғали Бегалиев 1888 жылы Батыс Қазақстан облысының қазіргі Қазталов ауданында дүниеге келген. Қазақстанның еңбек сіңірген мұғалімі, филология ғылымының кандидаты (1943), доцент. Қазандағы Мұхаммедия семинариясын (1902), Орынбордағы мұғалімдер курсын (1918), Мәскеу педагогикалық ғылыми
институтының аспирантурасын (1933) бітірген. Ғ. Бегалиев – 50-ден астам ғылыми-әдістемелік еңбектің авторы. Қазақ, орыс мектептеріне арналған қазақ тілі оқулықтарын жазып, білім беру мазмұнын ғылыми негіздеуге атсалысты. Орысша-қазақша және қазақ тілінің терминологиялық сөздіктерін жасауға қатысты. Бұл кітабы-жаңа алфавит пен орфографияны өз бетімен үйренушілерге арналған оқу құралы.