И.Франко балаларға арналған ертегісінде аңдар адамша сөйлесумен ғана тынбайды, мінез-құлықтары да адамдікіндей екенін жеткізеді. Мұнда адал ит, ақылды қарға, өз тіршілігі үшін аянбай күресетін қоян, айлакер түлкі де бар; мұнда жауыз қолбасы аю да, қойларын қынадай қырып, өзі жәбір көрсеткен шаруалар старостылыққа сайлаймыз деп шақырады деген сөзге нанған қанішер қасқыр да бар.