Бұл кітап - бүгінде астаналықтарға ғана емес, Қазақстан Республикасының түкпір-түкпіріне аян болып, аты аңызға айналған халық емшісі Сабыржан қажы Жасұланұлы жайлы. Ол бүгінгі таңда өзінің бар еңбек жолын тек адамдардың денсаулығына арнаған қасиеті ерекше, шипалы қолынан талайлар жазылып, көпшіліктің алғысын алған, емі дәру, адам жанының арашасы атанған - белгілі емші. Дәрігерден ем қонбай, өмірден күдер үзген талай адамдарға қарлығаштың қанатымен су сепкендей көмек берген емші. Емшінің болмысы бұл кітапта одан
емделген наукастардың айтқан жылы тілектері мен алғыс білдірген сөздері арқылы ашылады. Кітап тілі оқуға жеңіл, көпшілік оқырманға арналған.