ХХ ғасырдың бас кезіндегі казақ әдебиетінің көрнекті өкілі Сабит Дөнентаев өз дәуірінің шындығын ешкімге үқсамай сатиралық жанрда дамытты. Октябрь революциясына дейінгі шығармаларында еңбекшілердің құлдықта, қорлықта өткен өмірін зор өкініш, аянышты күйзеліспен суреттейді. Ал совет дәуіріндегі өлеңдерінде көсеміміз Ленин бейнесін, революция жеңісін, кешегі жалшылардың бақытқа жетіп, қоғам өміріне араласуын жырлайды. Мақала, очерк, фельетондарында жана өмірдің келелі міндеттеріне тоқталып, оған карсылық білдіргендерді аяусыз әшкерелейді. Кітапқа сонымен қатар жазушының өмірімен, творчествосымен кеңірек танысуға көмектесетін бір топ естеліктер енгізілді.