Бұл жылнамада Орта жүз Арғын-Айдабол руының соңғы үш ғасырда басынан өткерген қилы кезеңдері, өмір жолдары
қамтылған. Атап айтқанда олардың тарихи, саяси, әлеуметтік-экономикалық және мәдени, әдеби тыныс-тіршілігі нақты мұрағаттық деректер арқылы салыстырыла отырып, кеңінен талданып берілген. Осының барлығы да бір тайпа, ру
мүшелерінің жүздеген жылдар бойғы жинаған өмір-тәжірибесі мысалы негізінде тарихи, ғылыми, әдеби шығарма тұрғысында қазақтың киелі қара домбырасының қос шегіндей қатарластырыла өріліп, болашақ жас ұрпаққа тәлім-тәрбие боларлықтай үлгіде жазылған. Шығарма өз туған халқының өткен тарихы, әдебиеті мен мәдениетін тереңінен білгісі келетін саналы да зерделі оқырманына арналған.