1916 ж. Қазақстан және Орта Азия халықтары және т.б. езілген еңбекші бұқара өздерінің азаматтық, теңдік құқықтарын қорғап, шексіз қанауға, әлеуметтік өзгіге қарсы ұлт-азаттық көтеріліске шықты. Осыған байланысты туған поэзия үлгілері сол кездегі халық өмірінің ерлік шежіресі тәрізді. Онда көтеріліс тұсындағы ел басына төнген ауыр азап пен жұрттың ізгі тілек ой-арманы, оның жарқын болашаққа деген зор сенімі, тап жауларына қарсы күресте ту ұстап, қол бастаған халық ұлдарының ерлік, табандылығы шебер сипатталды. 1916 жылғы көтеріліске байланысты туған жырлардың айрықша бір түрі – үндеу, үгіт өлеңдері.