Мюнхаузен Әңгімелері

0.00 Средний рейтинг0 голосов
Издатель: Қазмемкөркемәдеббас
Жанры Шетел әдебиет
Авторы:
Страницы: 66 страниц
Город публикации: Алматы
Язык книги: қаз. тілі
Хранилище: ОӘҒК
«Мюнхаузен әңгімелері» негіз болып отырған таңғажайып әңгімелер Германияда XVIII ғасыр тұсында өмір сүрген Мюнхаузеннің басынан кешкен оқиғалары десе де болады. Әскери міндетін өтеу себебімен бұ кісі ертеректе біраз уақыт Ресейде болып, түріктерге қарсы соғысқа да қатысқан. Мюнхаузен Германияға қайтып келген соң адам ойына оралмайтын небір ғажайып әңгімелер айтатын тікен тілді әзілкеш ретінде таныла бастайды. Осы хикаяларын өзі қағазға түсірді ме, әлде біреу жазып берді ме, бұл бізге белгісіз. Дегенмен сол әңгімелердің біразы 1781 жылы жарық көріп жұртқа жария болды. Неміс жазушысы Э. Распэ сол әңгімелерді жинап, өңдеп-жөндеп 1785 жылы жеке кітап етіп шығарды. Кейінірек бұл кітапқа басқа жазушылардың Мюнхаузен хикаялары деп жазған таңғажайып әңгімелері келіп қосылды. Алайда кітаптың авторы ретінде Э. Распэнің аты қалды. Бұл шығармада неміс барондары мен помещиктеріне тән әдепсіздік, мәдениетсіздік, өркеуде, мақтаншақтық секілді өрескел мінездер көрсетілген. Осы кітап ел арасында құрметке ие болып кең танылған шақта жұрт өтіріктен аузы кеппейтін суайттарды: «Мынау нағыз барып тұрған Мюнхаузен екен»- деп кекететін болған. Міне, сөйтіп Мюнхаузен есімі халықтың сүйікті кейіпкеріне айналған.

Отзывы

Обязательные поля помечены *. Ваш электронный адрес не будет опубликован.