Шығарманың басты идеясы – соғыстан кейінгі қазақ ауылдарын көркейту, оның ішінде ауыл шаруашылығының өнімділігінін арттыру, электірлендіру, жол салу сияқты мәселелерді қолға алу болып табылады.
Шығармадағы оқиғалар орын алып жатқан жер – Амангеді колхозы. Басты кейіпкерлер Жақып пен Жомарттың көзқарастары екі түрлі. Қарт Жақып ескішілікті, бірқалыптылықты қалап барға қанағат тұтса, жас Жомарт ауылға жаңашылдық алып келіп, оны ары қарай дамытқысы келеді. Алайда, екеуін де алаңдататын бір нәрсе, ол – ауыл және де оның өсіп-өнуі.