Хамит Ерғалиев — 20-дан астам кітаптың авторы. Ақын шығармашылығының тақырыбы әр алуан. Ол қазақ халқының өткен өмірін, Октябрь
революциясынан кейінгі азат заманның, Ұлы Отан соғысы жылдарындағы майдан мен тылдың бірлігін, жауынгерлердің ерлігі мен тыл адамдарының еңбегін, соғыстан кейінгі коммунизмге қарыштай қадам басқан бүкіл халықтық қозғалысты жырлады.
"Әке сыры" поэмасында ақын совет адамдарының Ұлы Отан соғысы жылдарындағы ересен ерлігін, халықтардың бейбітшілік жолындагы жанқиярлық күресін жырлады. "Үлкен жолдың үстінде" поэмасында социалистік өмірді жаңа қарқынмен орнатып жатқан жұмысшы табының қажырлы еңбегін суреттеді.
"Біздің ауылдың қызы", "Сенің өзенің" поэмаларында қуаңшылық жайлаған шөл даланы суландырған, жасыл орман өсіріп, сол даланы
гүл-бақшаға айналдырған адамдардың еңбегі суреттелген. "Оралдағы отты кун" поэмасында азамат соғысында аты аңызға айналған Чапаевты, оның майдандас серіктерін жырлады. "Аңыз ата", "Құрманғазы", "Күй дастан" поэмалары, "Жылдар, жылдар" дастаны, көркем
очерк, публицистикалық мақалалар арқылы заманымыздың көкейкесті мөселелеріне үн қосып отырады. Таңдамалы прозалық шығармалары "Шындық шырқайды" деген атпен 1966 жылы жеке кітап болып шықты. Ал "Жайық жырлары" поэмасы 1956 жылы жарық көрді.