Қаракерей шежіресі 3 том

5.00 Средний рейтинг1 голосов
Издатель: ЭКО
Жанры Тарих
Авторы:
Страницы: 464 страниц
ISBN13: 9786010605664
Город публикации: Павлодар
Язык книги: қаз. тілі
Хранилище: ОӘҒК
Ата-тегімізді білу Қазақтың мәдени мұрасы. Атамыздан қалған жұрнақты жоғалтпай, ұқыптап жадымызда сақтау бүгінгі ұрпақтың міндеті. Тоғыз таңбалы Найманның бір таңбасы саналатын Қаракерей атасы Найман ішінде ең өскен ата. Бұл 3-том да Қаракерейдің Қожамбет атасының шежіресін жалғастырып отыр (2-бөлімі). Қожамбет атасы, Қазақстанның шығыс шекарасындағы Қытай мемлекетімен қиысатын жерін мекен еткендіктен, аумалы-төкпелі заманда, сол өңірде болған барлық зобалаңды басынан өткізіп, соның салдарынан ұрпағы үш мемлекетке: Монғолия, Қытай, Қазақстанға тарыдай шашылған ру болып саналады. Бұл еңбек автордың Монғолия сапарында іздеп тапқан Қожамбет атасының ұрпақтарымен кездесіп, шежіресін жазып алуымен қатар, Қытай мемлекетінде тұратын Жарболды бұтағының, Алтайда шыққан шежіре кітабын пайдаланып, сол мемлекетте тұратын Қожамбеттің басқа да аталарымен телефон арқылы сағаттап сөйлесіп, ата-тегін жазып алу арқылы құрастырылып отыр. Оған қоса, қолға түскен, Қазақстанда шыққан шежіре-кітаптар, басқа да сақталған құжаттардың негізінде бір жүйеге келтіріліп, көзі тірі жүрген, Қазақстанда тұратын, бүгінгі ұрпақтарының денімен кездесіп, немесе телефон, хат арқылы ауызба-ауыз тілдесіп, ата-тегін пысықтау арқылы толықтырылып барып, қалың қауымның назарына ұсынылып отыр.

Отзывы

Обязательные поля помечены *. Ваш электронный адрес не будет опубликован.