Қаракерей шежіресі 7 том

0.00 Средний рейтинг0 голосов
Издатель: ЭКО
Жанры Тарих
Авторы:
Страницы: 806 страниц
ISBN13: 9786010651272
Город публикации: Павлодар
Язык книги: қаз. тілі
Хранилище: ОӘҒК
Ататегіміздің шежіресі қазақтың мәдени мұрасы. Атамыздан қалған осы құнды жұрнақты жоғалтпай, ұқыптап жадында сақтау бүгінгі ұрпақтың міндеті. Тоғыз таңбалы Найманның бір таңбасы саналатын Қаракерей атасы Найман ішінде ең өскен ата. Сондықтан да тек Мұрын атасының шежіресі 3 том болып, Қаракерейге арналған кітаптардың 5, 6, 7-томдарын қамтып отыр. Қолыңыздағы Қаракерейдің 7-томына Мұрынның 5-6-томдарында таратылған аталарының жалғасы Жолымбеттің Қыдыр, Ажықұл(Әжіқұл) және Рақ аталары кірді. Сонымен Мұрын атасы тегіс таратылды деп есептеледі. Аңыз бойынша Байысқа (кейде Мұрынға) жататын Ақнайман атасының шежіресі, автордың жоспарынша, жеке кітап болып шығады деп отыр. Бұл томдағы таратылған Мұрын атасының ұрпағы Тарбағатай тауының қос қапталында тұрғандықтан, өткен ғасырдағы Кеңес үкіметінің зобалаңының салдарынан, тұрған жерінің шекараға таяулығын әрі жасырын жүріске қолайлы тау қойнауларын сағалай отырып, жан сауғалаған туыстарымыз, Қытай мемлекетіне көбірек өтіп кетіпті. Солардың ұрпағының дені әлі күнге шет жерде тұрып жатыр. Автор Қытай, Монғолия мемлекеттеріне әдейі іссапарымен барып, сонда тұрып жатқан құйма-құлақ ақсақалдарға, сұңғыла ақын-жазушыларға жолығып, олардың сары майдай сақтаған қолжазбаларымен қатар, сонда шыққан араб әрпімен жарық көрген шежіре-кітаптарын тауып алып, пайдаланған. Шежіре жазу үстінде осы еңбектерді  саралап, Мұрын атасының Қытайдағы, Қазақстанның түкпір-түкпіріне шашырап кеткен ұрпақтарымен байланысып, кейбір ақсақалдарымен бетпе-бет әңгімелесе отырып Мұрын шежіресінің осы біртұтас нұскасын оқырманға ұсынып отыр. Автор өз еңбектерінде Патшалық Ресей мемлекетінде бұдан 120-жыл бұрын жазылып, баспа беттеріне шыққан шежірелерімен қатар, сол кезде жүргізілген орыс экспедицияларының материалдарын кеңінен пайдаланған. Бұл кітап және оның толықтырылған соңғы басылымдары Мұрын ұрпақтарымен қатар барлық шежіре сүйер қауымға үлкен сыйлық болары сөзсіз.

Отзывы

Обязательные поля помечены *. Ваш электронный адрес не будет опубликован.