Ата-тегімізді білу Қазақтың мәдени мұрасы. Атамыздан қалған жұрнақты жоғалтпай, ұқыптап ұстау бүгінгі ұрпақтың міндеті. Тоғыз таңбалы Найманның бір таңбасы саналатын Бура атасының тарихы, қолға түскен шежіре, құжаттардың негізінде бір жүйеге келтіріліп, қалың кауымның назарына ұсынылып отыр. Шежіренің келесі басылымында оқырмандардан келген барлық толықтырулар мен түзетулер ескерілді.