Қаракерей шежіресі Т.4

0.00 Средний рейтинг0 голосов
Издатель: ЭКО
Жанры Тарих
Авторы:
Страницы: 588 страниц
ISBN13: 9786012671117
Город публикации: Павлодар
Язык книги: қаз. тілі
Хранилище: ОӘҒК
Ата-тегімізді білу Қазақтың мәдени мұрасы. Атамыздан қалған жұрнақты жоғалтпай, ұқыптап жадымызда сақтау бүгінгі ұрпақтың міндеті. Тоғыз таңбалы Найманның бір таңбасы саналатын Қаракерей атасы Найман ішінде ең өскен ата. Бұл том Қаракерейдің Байжігіт-Жұмық-Саты атасына арналып отыр. Саты атасы да, Қазақстанның шығыс шекарасындағы Қытай мемлекетімен қиысатын жерін мекен еткендіктен, аумалы төкпелі заманда, сол өңірде болған барлық зобалаңды басынан өткізіп, соның салдарынан ұрпағының дені әлі Қытай мемлекетінде тұрып жатыр. Осы себепті автор тек қазір қол жеткен Патшалық Ресей мемлекетінің, бұдан 100-жыл бұрын жүргізген экспедициясының материалдарын және кейінгі кезде елімізде жарық көрген тарихи шығармаларды ғана пайдаланып қоймай, Қытай мемлекетінде тұратын қандастарымызда сақталған ата-тек шежіресін қолға түсіруге көп еңбек еткен. Ол үшін әдейілеп Қытай мемлекетін аралап, сонда тұрып жатқан құйма-құлақ ақсақалдарға, сұңғыла ақын-жазушыларға жолығып, олардың сары майдай сақтаған қолжазбаларын және араб әрпімен Қытай мемлекетінде жарық көрген шежіре-кітаптарын тауып алып келген. Шежіре жазу үстінде осы еңбектерді саралап, Саты атасының Қытайдағы, Қазақстанның түкпір-түкпіріне шашырап кеткен ұрпақтарын тауып, сол ақсақалдарымен бетпе-бет арқылы ақылдаса отырып осы шежірені құрастырып шығарған. Бұл шежіре шежіре сүйер қауымға үлкен сыйлық болары сөзсіз.

Отзывы

Обязательные поля помечены *. Ваш электронный адрес не будет опубликован.