Арғын атасының Қанжығалы тармағының шежіресі, кейінгі жылдары біршама таратылып, оқырман қолына тиіп те жатыр. Атақты қарт Бөгенбай батырдың лауазымына сәйкес, бірнеше ғылыми зерттеулер де, тіпті тарихи роман да жарық көргенін, шежіре, тарих сүйгіш қалың қауым оқып та, пікір де айтып жүр. Осындай кең материалды қайтадан қопарыстырып, автордың бұрынғы шығып жатқан шежірелеріндей, өзіне тән ғылыми жүйесіне (қалыбына) салып, уақыт кестесіне сәйкестіріп, үш томдық кітап етіп, жазып шыққаны, орасан зор үлкен еңбек.
Қолыңыздағы кітаптың авторы, сол күрделі мәселені де, уақыт кестесіне сәйкестіру арқылы шешіп, шежіредегі аталардың кейінгі ұрпақтарымен кездесіп, сөйлесе отырып, алдыңғы шежірелерде кеткен көп ақауларды түзетіп, толықтырып шыққан. Онымен қоса, бұл кітапта тек атақты лауазымды адамдардың ғана емес, жалпы қолына түскен көптеген иісі Қанжығалы атаның ұрпақтарының
фото-суреттерін қойып, олар туралы мәлімет берген. Бұрыннан еліне аты әйгілі қажы, би, болыстардың есімі әдейі аталып қана қоймай, тарихи құжаттардан дәлелін іздеп, ол үшін Патшалық Ресей мемлекетінде бұдан 100-жылдан астам бұрын жүргізілген орыс экспедицияларының материалдарын кеңінен пайдаланып, сондағы аты аталған Қанжығалы аталарының аттарын, шежіреден іздеп тауып,
сілтеме беріп отырған. Сондай-ақ архив материалдары да, бұрынғы шыққан шежіре, ғылыми шығармалар арқылы, толықтырылған. Қандай шежіре болса да қатесіз, кем-кетіксіз болмайды. Оны тұзетіп, толықтырып отыру, әрбір келесі шежіреші-авторлардың үлесі. Бұл кітап Қанжығалы ұрпақтарымен қатар барлық шежіре сүйер қауымға үлкен сыйлық болары сөзсіз.