Ата-тегімізді білу Қазақтың мәдени мұрасы. Атамыздан қалған жұрнақты жоғалтпай, ұқыпты ұстау бүгінгі ұрпақтың міндеті. Тоғыз таңбалы Найманның бір таңбасы саналатын Бура атасының тарихы, қолға түскен шежіре, құжаттардың негізінде бір жүйеге келтіріліп, қалың қауымның назарына ұсынылып отыр. Шежіренің бұл басылымында оқырмандардан келген барлық толықтырулар мен түзетулер ескерілді.