Кітап ҚазКСР XII шақырылған Жоғарғы Кеңестің депутаты ретінде елдің Егемендігі және Тәуелсіздігі декларацияны қабылдауда алғашқылардың бірі болып қатардан табылған және Қазақстан Республикасы Парламент Мәжілісінің үш шақырылымында халық қалаулысы болып бар білген-түйгенін өз елінің мұқтажы жолына арнаған Тито Уақапұлы Сыздықов жайында сыр шертеді. Еңбегі ерен ердің білімі мен білігі, тұжырымы мен тәжірибесі, ойы мен өресі әдеби-публицистикалық стильде баяндалады. Кітап мәтініндегі балалық дәурен, еңбектегі жетістік, лауазымдық қызметтердің қыр-сыры туған өлкеміз бен аяулы Отанымыздың дамуына селқос қарамайтын барша қауымды қызықтырады деп сенеміз.