Тілдің эволюциялық даму жолдары анықталмайынша, оның жұмбақ сырлары ашылмайды, жүйе-кұрылымы да, бай мазмұны да, сан алуан әлеуметтік-қоғамдық қызметі де өз дәрежесінде танылмайды. Осы себепті тіл тарихы фонемалардың, сөздердің, қосымшалардың тағы басқа бірліктердің шығу тегін, төркінін, алғашқы мағынасы мен формасын ашуды көздейді. Оқу кұралының бірінші тарауында түркі тілдеріндегі, оның ішінде, қазақ тіліндегі бүкіл дауыстылармен дауыссыздардың түптектері (архетиптері) ашылған. Олардың даму кезеңдері накты фактілермен сипатталған. Екінші тарауда септік, тәуелдік, көптік жалғауларының этимологиясына ерекше көңіл бөлінген. Түркологияда жаңадан табылған бір ғана дауыссыз бен бір ғана дауыстының тіркесінен түзіліп, я лексикалық, я грамматикалық мағына беретін тілдік бөлшек түбіртек (архесиллаб) деп аталады.
Үшінші тарауда түбіртектерді айырып-ажыратудың методологиялық жолдары көрсетілген. Оқу құралы жоғары оқу
орындарының бакалаврлеріне, магистранттарына, докторанттарына, оқытушыларына, ғылыми қызметкерлерге, тіл тарихын білгісі келгендерге арналған.