Белгілі жазушы, драматург, Ұлы Отан соғысының ардагері Қалмуқан Исабай Абай мен Гете арасындағы рухани байланысты тереңнен зерттеп, Қазақстан мен Алмания арасындағы мәдени, әдеби байланыстарға тиянақтап ден қойып, соңғы ширек ғасыр аясында біршама істер тындырғаны көпшілікке мәлім. Мемлекетаралық деңгейде өміршеңденетін қай-қай іс те көптеген уақыт жұмсап, табандап мәселе қозғауды қажет ететіні белгілі жай. Осы орайда Берлиндегі Абай көшесі қалай қойылғандығы мән-жайы екі елдегі қалың оқырманды да бейтарап қалдырмайды деп білеміз. Кітап абайтанушы ғалымдарга, студенттерге, жалпы оқырман қауымға арналып, ондаған тарихи құжаттармен, фотоматериалдармен безендірілген.