Қазақ фольклортану ғылымы: XX ғасырдың бірінші жартысы

0.00 Средний рейтинг0 голосов
Издатель: ПМПИ
Жанры Фольклор
Авторы:
Страницы: 381 страниц
ISBN10: 9965583285
Город публикации: Павлодар
Язык книги: қаз. тілі
Хранилище: ОУНБ
Монографияда XX ғасырдың бірінші жартысындағы қазақ фольклоры туралы ғылымның жай-жапсары, оның салаларының даму барысын зерттеу, фольклортану ғылымының қандай межелерге жеткенін, қандай мақсаттар қойып, қандай проблемаларды қандай дәрежеде шешкені анықталады. Сондай-ақ сол тұстағы фольклористиканың қай аспектілері зерттелгені, қандай тұжырымдар жасалып, олардың ғалым мен оқу процесіне қаншалықты енгені сөз болады. Сонымен бірге монографияда жарты ғасыр ішінде қазақ фольклоры қалай жиналды және қандай түрде жарияланды, әрі зерттелді деген мәселелер қарастырылды. Бұлармен қатар өткен ғасырдың алғашқы жартысындағы фольклортануға өздерінің жинаушылық, жариялаушылық әрі зерттеушілік істерімен айтарлықтай үлес қосқан оқымыстылар мен қайраткерлердің еңбектері талданады. Монографияны жоғарғы оқу орны студенттеріне арналған қазақ фольклоры бойынша оқылатын дәрістерді, сондай-ақ арнайы курстар, семинарлар жүргізгенде кеңінен пайдалануға болады. Еңбек қазақ фольклорын зерттеушілерге, оқытушыларға, студенттерге, аспиранттар мен магистранттарға, жалпы халық мұрасына қызығушы көпшілік қауымға арналады.     

Отзывы

Обязательные поля помечены *. Ваш электронный адрес не будет опубликован.