Кітапта отан үшін отқа түскен аталарымыздың батырлығы мен жанқиярлығы, олардың туған жеріне деген шексіз сүйіспеншіліктері Қазақстанның бүгінгі жауынгерлері үшін мақтан тұтарлық үлгі ғана емес, бұл – бірнеше ұрпақты байланыстыратын қоғамның рухани дамуы мен адамгершілік негізі. Табандылық пен ерлік, Отанға деген сүйіспеншілік қатал соғыста Жеңіске жеткізді. «Олар Отан үшін шайқасты» романында әр түрлі тағдыр иелерін соғыс алаңында кездестіреді. Ержүрек Лопахин, ұстамды Стрельцов, Звягинцев, сөзуар Поприщенко. Соғыс адамзат санасын күрескер санасына айналдырды. Бітпей қалған роман соғыста да өмір бар
екенін дәлелдеді. Соколов бейнесі арқылы М.Шолохов адам баласының қандай болу керектігін көрсетті.