Сұлтанмахмұт Торайғыровтың үш томдық толық жинағының үшінші томына "Кім жазықты?" романы, әңгіме, очерк, мақалалары мен хаттары, естеліктер және Сұлтанмахмұт еңбектерінің хронологиялық көрсеткіші, өмірі мен еңбектері туралы әдебиеттер, Әдебиет және өнер институты мен Орталық ғылыми кітапхана қорындағы қолжазбалар тізімі берілді. Кітапты дайындауда әр жылдары шыққан жинақтарға салыстырулар жасалынып, мәтін өзгешеліктері зерделенді. Кітап әдебиетшілер мен әдебиет сүйер жүртшылыққа арналған.