Осы ұсынылып отырған кітап нарықтық экономикалық қатынастарға жұрттың алды болып, бейімделіп, өздері басқарып отырған ұжымдардың мүддесі үшін ізденгіштікпен қызмет етіп жүрген басшы азаматтар жайында сыр шертеді. Оның авторы журналист Өскенбай Тастемханов көп жылдардан бері облыс экономикасындағы игі өзгерістерді өз көзімен көріп, күәсі болып келеді. Осындай оқиғалардан алған әсері, журналистік зерттеуі кітапқа негіз етіп алынды.