Қазақстан Жазушылар одағының мүшесі, танымал қаламгер Ақын Алақанұлының бұл кітабына «Асулар» атты романы мен бірталай әңгіме-повестері қамтылып отыр. Шығармаларының қай-қайсында да тақырыпты игеру, оқиғаны өрбіту, соңғы түйін жасаудағы өзіндік шеберлігімен қатар атамекенге, ұлтына деген сүйіспеншілік, туып-өскен еліне, жеріне деген сағыныш сезімдері көркем сурет, шұрайлы тілмен тартымды бейнеленген. Кітап көпшілік оқырман қауымға арналған.