Павлодарлық ақын Арман Қани "Ар алдында" және "Қызыл түнектегі ақ бұрқақ" атты жыр жинақтарының авторы. Жаңа жыр жинағы негізінен ақынның жас кезінде жазған сыршыл өлеңдерінен тұрады. "Алтынның буы" поэмасында жас жұбайлардың махаббат пен байлыққа деген кереғар көзқарастары қақтығысынан туындаған отбасы шырғалаңы лирикалық қаһарманның атынан образды суреттеген.