Павлодарлық ақын Арман Қанидың екінші жыр жинағына ата жұрт, туған жер жайындағы сыршыл өлендері, тарихи оқиғалар, қоғамдық құбылыстар, адам тағдыры туралы саяси, философиялық жырлары енгізілген. "Ақшабике" атты поэмада ел бірлігі үшін сүйген жігіті опат болып, өзін де мерт қылған қаһарман қыздың бейнесі сомдалған.