Шолпан Байғалы мемлекеттік тіл мен журналистиканың, ауызша және жазбаша шығармашылық өнердің дамуына үлес қосқан ақын. Мұсылман әйелдер Лигасының Павлодар облысы бойынша филиалының ұйымдастырушысы. «Ақ жаулық», «Айбат» пен «Тіл таным» газеттерінің негізін қалаған. «Қазақ журналистикасының тарихы», «Көктем тынысы», «Ай-нұрым менің», «Еркелеймін Ертіске», «Сезімді қайтем тулаған» және «Сыр сандық» кітаптарының авторы.