Кітапта ХХ ғасыр басындағы қазақ әдебиетінің дамуына өзіндік үлес қосқан діни ағартушы ақын Мақыш Қалтайұлының әдеби мұрасы барынша толық қамтылып, тақырыбына, идеялық-мазмұнына, жанрлық ерекшелігіне қарай жіктеліп, ақынның
өмірі мен шығармашылық өсу жолы алғаш рет түбегейлі қарастырылып отыр. Мақыштың шығармашылығына, әдеби мұрасына қатысты айтылған пікірлер, тұжырымдар сараланып бүгінгі көзқарас тұрғысынан бағаланады. Еңбек филология
факультетінің студенттеріне оқу құралы болуымен қатар, ғылыми қызметкерлерге, жоғары оқу орындарының оқытушыларына магистранттар мен ізденушілерге теориялық тұрғыдан көмегін тигізе алады.