"Жаралы жердің жанары" жазушының екі кітаптан тұратын шығармалар жинағының алғашқы кітабы. Жинаққа "Тамыздағы тамұқ" повесі мен "Шағын әңгімелері" енгізіліп отыр. Автор қазақ әйелінің тағдырын тілге тиек, ойға арқау ете отырып, адамдар арасындағы қарым-қатынас, махаббат пен зұлымдық, достық пен қастық, пейіл мен мейір мәселесін көтереді.