Издатель: | Жалын |
Жанры | Көркем әдебиет |
Авторы: | Құнанбаев Абай |
Страницы: | 384 страниц |
ISBN10: | 5610012686 |
Город публикации: | Алматы |
Язык книги: | қаз.тілі |
Хранилище: | ОУНБ |
«… Абай үні, Абай тынысы – заман тынысы, халық үні
Бүгін ол үн біздің де үнімізге қосылып, жаңғырып, жаңа өріс алып тұр».
Осы сөзді Әуезов отыз екі жыл бұрын емес, тап қазір айтқандай сезіледі. Көркем ойымыздың көктем басы – жаңа жылы болған Абаймен тек мақтанып қою енді аз. Егемен ел, өркениетті ұлт санатына қосыламыз десек, әр қазақ азаматы Абай сөзін танып-білмек парыз. Оны ана сүтіндей бойымызға да, ойымызға да сіңіріп өспек керек.
Біздің баспа «Әлем әдебиеті» жүйелігімен шығармақшы көп томның беташарын Абайдан бастап отырмыз. Дүйім дүние классиктерінің кітапханасын жасаудағы бір үлкен мұратымыз – күллі Күншығыс жарық жұлдыздарының жауһарларымен жастарды жақын таныстыру, рухани байыта түсу.
«Қалың елім қазағым» аталатын бұл кітап Абай мұрасының толық жинағы емес, академиялық басылым да емес. Барлық шығарманың текісі әр жылғы қолжазбалар, жинақтар бойынша салғастырылып, енгізілген елеулі түзетулер түсініктемеде көрсетілді.