Роман оқиғасы Павлодар, Баян өңірінде, тіпті тұтастай қазақ даласында кеңестік кезеңдегі байларды кәмпескелеу, аштық ұйымдастыру, қуғын-сүргін, Ұлы Отан соғысы, Семей ядролық полигонындағы алғашқы атом сынағы, тың игеру, бір сөзбен, қазақ халқының басынан кешкен ауыр да азапты жылдар Әділ, Ғайша, Айтқожа, Валя, Әнуар, Адольф, т.б. роман кейіпкерлерінің тағдырлары арқылы көрініс тапқан. Автор боямсыз өмір шындығын шама-шарқынша әділ бейнелеуге тырысқан. Атомсыз әлемге жол ашқан Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә.Назарбаевтың 1991 жылдың 29 тамызындағы "Семей ядролық сынақ полигонын жабу туралы" №408 - Жарлығы романның толғақты түйіні ретінде ұсынылуы автордың сәтті шешімі екені деп білеміз.