С. Мұқанов-қазақ әдебиетінде өзіндік қолтаңбасымен қалған біртуар тұлға. «Сұлушаш» поэмасы- соны көркемдік мұратымен бағаланған туындылардың бірегейі. Шығарма негізіне өмірде болуы мүмкін оқиғалар алынғанымен, қаһармандардың суреттелуінде, күрес жолдарының баяндалуында романтикалық тәсілге тән көріністер ұшырайды. Бірақ «Сұлушаш» поэмасы-трагедиялық шығарма. Поэманың шешімі Қозы мен Баян сұлу, Қыз Жібек пен Төлеген тағдырларын еске түсіреді.