Қолдарыңыздағы кітапта өзінің ерекше шипагерлік қасиетімен халықтың ықыласына бөленіп өткен Мерғалым Мұхтариханұлы жайлы баяндалады. Естеліктер түрінде берілген әңгімелерде оның сынықшылық, емшілік, көріпкелдік секілді қасиеттерімен қоса, ел-жұртқа қайырым-қамқорлыгы, өнерпаз-сауықшылдыгы, жалпы адами болмысы жан-жақты қамтылған. Мерғалым сынықшымен бірге өсіп-біте қайнаган ауылдастары, ақсақал қариялар немесе алдынан өтіп, шипасын көрген адамдар ол туралы тебірене әңгімелеп, сагынышпен еске алады. Кітаптың кейінгі ұрпақ тәрбиесі үшін де берері мол деп білеміз.