Осы кітапты кітап сүйер аналарға және оқырмандарға арнаймын. Тәрбиелік мәні бар. Өмірдің ащы-тұщысы қатар жүріп отырады ғой. Ұлағатты дана сөздер. Қазақтың қаймағы бұзылмаған салт-дәстүрлері "Япыр-ай, қандай халықпыз?!" атты кітабымнан мағлұмат алатындарыңызға сенемін. "От басы ошақ қасы" туралы дегендей. Ертедегі адамдар бір-біріне мейірімді, қайырымды, ұлағатты еді. Қазіргі тәрбие бөлек пе, кейбір қыздарымыз, ұлдарымыз, ата-әжелер де ерекше жандар болып тұрмыз ғой. Өлең адамға күш-қайрат қосатынына сеніңіздер. Менің кітаптарым аз тиражбен шығады. Сондықтан шамам келгенше оқырмандарым оқысын деген ниетпен өткен-кеткенді қосып отырмын.