Мен немерем болмай тұрғанда, тек үлкендер жайында жаздым. Адамға ақыл бірден түсе қоймайды ғой. "Жүре-жүре жол таныс, көре-көре көз таныс" демекші, немерелі болған соң, соларлың тілегін, солардың ойын, солардың тілін,
"әже-ата" деген сөздері жанымды тебірентіп қолыма қалам алдырды. Солардың тілінше ойлау, қабілеттеріне қарай бірінші рет жазып отырмын. Осы кітапшаны немеремнің үлкені Айзатым, Айзанам, Айғаным, Ернұрым, солардың
балабақшадағы құрбы-құрдастарына арнаймын. Адамды елжірететін, тәтті тілдеріңнен айналайын, балапандар! Осы сендерге арналған кітапшаны әзірше оқи тұрыңдар. Алла құат берсе, тағы жаза жүрермін. Жанымдай жақсы көретін,
бүлдіршіндерім!