Бұл кітапты Май ауданының жылнама-шежіресі деуге де болады. Өйткені мұнда аудан құрылған 1939 жылдан бүгінгі күнге шекті тіршілігі, өсіп-дамуы, әлеуметтік жағдайы, экономикасы бәрі-бәрі тарихи шындықпен суреттелген. Ел басқарған ағалардың, еңбек адамдарының жасампаз еңбектері кітаптың қан тамырындай бірін-бірі толықтырып мазмұнын байыта түседі. Кітап оқуға женіл, жатык тілмен жазылған. Ол барлық жастағы адамдардың оқуына арналған.