Соғыстың алғашқы күндеріндегі шайқаста менің атам Тепляков Тихон Андреевич, одан кейінірек Курск доғасындағы ұрыста ағам Сергей Горбунов хабарсыз кетті, олардың қандай жағдайда, қалай жоғалғанын туыстарым күні бүгінге дейін білмейді (бұл үшін өзімді кінәлі сезінем). Қызыл Армия қатарында өз Отанын
қорғаған солар секілді боздақтардың жүз мыңдағаны атаусыз молаларда қалды. Осы кітабымды Ұлы Отан соғысында шайқас алаңдары мен тылда теңдессіз ерлік пен ерен еңбек үлгісін көрсете отырып, Жеңіс тұғырын сомдаған майдангерлер мен еңбек ардагерлеріне арнаймын. Бұлардың көбі қазір арамызда жоқ, дегенмен бұлардың барлығының болмыс-бітімі әрбір отбасы мен ұрпақтар жадында сақталған. Жинаққа жаңадан жазылған және бұрынырақ жарық көрген әңгімелерім енді.