Қаламгердің бұл жинағына топтастырылған өлең-жырлары сөз қадірін түсінетін қауымды бей-жай қалдырмай, сезім қылын шертеді. Түрлі көніл-күйге жетелейтін өрнекті шумақтары оқырман олжасы екені даусыз. Ал-жинаққа "Біздің көше" деген атаумен енген поэзиялық шығармалары мен проза жанрындағы туындылардың басты тақырыбы ортақ - ауыл адамдарының тұрмыс-тіршілігі мен болмыс-бітімі; негізгі идеясы да бір - адамсүйгіштік сезімді құрметтеу және соған кейінгі буынды баулу. Кітап көпшілік оқырман қауымға арналған.