Жас қаламгер Жанаргүл Әбдікәрімқызы Қадырованың шағын жинағы екі бөлімнен тұрады. Бірінші бөлімде жыр жинақтарына енбеген өлеңдері топтастырылған, екінші бөлім хикаялардан құралған. Поэзия және проза жанрындағы туындылардың басты тақырыбы ортақ - ауыл адамдарының тұрмыс-тіршілігі мен болмыс-бітімі; негізгі идеясы да бір - адамсүйгіштік сезімді құрметтеу және соған кейінгі буынды баулу.