Кітап " Мақалалар", " Аудармалар" және " Өдеңдер " атты үш бөлімнен тұрады. Публицистикалық мақалалардың бірінде тілдік мәселелер ұлттық рухпен бірлікте көтерілсе, енді бірі үлкенді-кішілі әдеби туындыларға арналып, автордың ой-пікірі өмірмен байланыстырылып беріледі. " Аударма " бөлімінде әлем әдебиетінде танымал жазушылардың таңдаулы шығармалары орыс тілінен шебер аударылған, оқуға жеңіл. Ал "Өлеңдер" бөлімінде табиғат өзіндік сырларымен жарасымды көрініс береді және олардың танымдық мәні зор. Мұндағы барлық шығармалар әр уақытта республикалық және облыстық газет-журналдарда жарық көрген.