Сүлеймен Баязитовтің «Кызылтау-Желтау аясы» атты жинағына жазушының деректі прозасы топтастырылған. Баянауыл өңіріндегі Кызылтау - Желтау аймақтарында орын тепкен бір кездегі Жамбыл, Большевик колхоздарының негізін қалаған (1938-1950 ж.ж. аралығы) колхозшылардың кеңестік кезеңіндегі қуғын-сүргінге толы, алапат соғыс жылдарындағы қиын да қызықты өмір жолдары сөз болады.
Кеңестік кезеңде ел ісіне араласқан Қайырбек Бәженеевтің, әскери тұтқын Қабиден Әлменбаевтың боямасыз тағдырлары тартымды баяндалады. Жинақка енгізіліп отырған әңгімелер оқырман көңілінен шығар деген сенімдеміз.